«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов партиялық бақылау комиссиясы және фракция мүшелерімен бірге Сайлауалды бағдарлама аясында СПМК-70 мөлтек ауданында салынып жатқан «Келешек мектебі» құрылысына мониторинг жүргізді.

Білім ордасының құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың шілде айынан бастап келісімшарт бойынша «Integra Construction KZ» ЖШС жүргізуде. 1500 орынға шақталған білім ошағы құрылысы ағымдағы жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Құрылыс қарқынын көрген аманаттықтар мониторинг барысында тыпсырыс беруші және мердігер, техникалық қадағалаушы мекеме өкілдерімен жүздесіп, құрылыс қарқынын жоғарылату, құрылыс сапасы мен мерзімінде аяқталуы жөнінде нақты ұсыныстарын айтты.

Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында еліміздің барлық аймағында білім ордалары саланып жатыр. Олардың құрылысы Президентіміздің және аймақ басшысының тікелей бақылауында. Жас ұрпақтың игілігі үшін салынып жатқан білім ордасаның сапасы дұрыс болуы керек. Мұнда өзіміздің балаларымыз, немерелеріміз білім алатын болады. Сондықтан асығыс жасап, пайдалануға берілмей жатып, қайта жөндеуді талап етпейтін, кемі 30-40 жыл қызмет жасайтындай сапалы болуы керек. Балалардың қауіпсіздігі үшін барлығымыз да жауаптымыз»,- деді өз ұсыныстарымен бөліскен партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов.

Партия филиалының төрағасы мониторинг барысында анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру қажеттігін мердігер мен техникалық қадағалаушы мекеме басшыларына қатаң ескертті.

Айта кетейік, бүгінгі күні білім ордасының құрылыс жұмыстары 80 пайызға орындалған. Мердігерлер мерзімінде аяқтауға уәде етіп отыр.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *