Қазанда Ахмет Байтұрсынұлының бұрын белгісіз болып келген суреті табылды, — деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Қазан, Татарстан — Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бұрын белгісіз болып келген сирек суреті Қазан қаласындағы Ұлттық музей қорынан табылды. Бұл туралы қазақстандық ғалым Қайырбек Кемеңгер мәлімдеді.

Сурет қыркүйек айының басында жарыққа шыққан. Музей қорында сақталған фотода татар қайраткері Мұхаммед Идрисовтің есімі көрсетілгенімен, суреттегі екінші тұлға ретінде қазақтың көрнекті ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы анықталып отыр.

Ғалымдардың айтуынша, музей құжаттарында Ахмет Байтұрсынұлының есімі көрсетілмеген, алайда отандық зерттеушілер тұлғаның бейнесін бірден таныған.

Мамандар бұл жаңалықты тарихи-мәдени тұрғыдан аса құнды деп бағалап отыр. Себебі фотосурет – Алаш арыстарының өмір жолын, ұлт тарихын тереңірек зерделеуге қосымша мүмкіндік береді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *