«AMANAT»:280 ПӘТЕРЛІК 7 ТҰРҒЫН ҮЙ ТАБЫСТАЛДЫ
«AMANAT» партиясы «Халықпен бірге!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасында азаматтарды тұрғын үймен қамту соның ішінде әлеуметтік осал топ санаттар үшін баспананың қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше мән берілген. Бұл мақсатта өңірде ауқымды жұмыстар жасалуда. Мәселен, соңғы үш жылда қаржыландырудың барлық көзінен 2 млн. 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына, жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 5 мыңнан астам пәтер (5148) сатып алынып, 25 мыңға жуық тұрғын қоныс тойын тойлады. Аудан орталықтарында жаңадан салынған 1500-ге жуық пәтер берілді.
Игілікті іс жалғасып жатыр. Бүгін бағдарлама аясында әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін сол жағалаудан бой көтерген 280 пәтерлік 7 тұрғын үй иелеріне табысталды.
Салтанатты шараға аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, жаңа қоныс иелерін құттықтады.
Салтанатты рәсімде пәтер иелеріне қуаныш сыйлап, тұрғын үйлердің құрылысын сапалы жүргізген мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-нің құрылысшыларына облыс әкімінің алғыс хаты табысталып, Қызылорда облысының құрметті азаматы Ибрагим Әбибуллаев батасын берді.
Биыл тұрғын үй құрылысы мен жеке салушылардан 3 800 дайын пәтерді сатып алуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді. Қаржыландырудың барлық көзінен 870 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі.












