Қызылорда: Қазалы ауданында ақпараттық-түсіндіру шаралары өтті
2025 жылғы 19-20 қыркүйек күндері Қазалы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қазалы ауданы тұрғындары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында қарсы насихаттық шараларды жүзеге асыру» әлеуметтік жобасы аясында бірқатар маңызды кездесулер өтті. Іс-шаралар «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.
Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында Қазалы ауданына арнайы шақырылған облыстық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Құрманбаев Дастан Жанасұлы кездесулер өткізді. Шараларда ұжымдар, тұрғындар жәнеде мешіт жамағаттары қамтылды.
Шаралар соңында қатысушылар білікті маманнан сұрақтарына тұшымды жауаптар алды.