2025 жылғы 23-25 қыркүйек күндері Қармақшы ауданында Республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі, исламтанушы Жанболат Жұматұрұлының қатысуымен бірқатар маңызды іс-шаралар өтті.

Аталған шаралар Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында және «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

Іс-шаралар аясында төтенше жағдайлар және полиция бөлімінің қызметкерлерімен, аудан жастарымен, ауылдық округ тұрғындарымен, дін қызметкерлерімен және мешіт жамағаттарымен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулерде Жосалы кенті, Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округтерін қамту барысында рухани құндылықтарға негізделген тәрбиенің маңызы, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік пен жастардың рухани иммунитетін қалыптастыру мәселелері кеңінен қозғалды.

Шаралар қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылыққа ие болып, ашық сұхбат пен пікір алмасу форматында өтті.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *