2025 жылғы 24-25 қыркүйек күндері Арал ауданында Республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі, исламтанушы Жанболат Жұматұрұлының қатысуымен бірқатар маңызды іс-шаралар өтті.

Аталған шаралар Арал аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында және «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

Іс-шаралар аясында аудан жастарымен, ауылдық округ тұрғындарымен, дін қызметкерлерімен және мешіт жамағаттарымен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулер барысында рухани құндылықтарға негізделген тәрбиенің маңызы, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік пен жастардың рухани иммунитетін қалыптастыру мәселелері кеңінен қозғалды.

Шаралар қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылыққа ие болып, ашық сұхбат пен пікір алмасу форматында өтті.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *