Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Шах-Шах шатқалынан  динозаврдың сүйектері табылды,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Алдын ала болжам бойынша бұл жәдігер Бор кезеңіне тиесілі болуы мүкін.

 

– Шах-Шах кешеніне алғаш рет 1959 жылы орыс палеонтологы А.Рождественскийдің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген. «Бозтөбе» свитасында орналасқан кешеннен Мезозой эрасының Бор кезеңінде өмір сүрген динозаврлардың сүйектерінің қалдықтары табылған. 1968 жылы бас сүйегі ғана табылған динозавр «Аралозавр» деген атаумен ғылыми айналымға енді. Палеонтологтардың зерттеу жұмыстары барысында гадрозавр отрядына кіретін Аралозавр 93-86 миллион жыл бұрын өмір сүргені анықталады. Кейін бұл аймақ еуропалық палеонтолог-ғалымдардың қызығушылығын тудырып, әлемдік ғылыми журналдарға мақалалар жарияланған, – дейді Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғалым-хатшысы Асхат Сайлау inbusiness.kz  сайтына берген сұхбатында.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *