Қызылорда өңірінде Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза бейсенбі» акциясы жалғасуда.

Бүгін «AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен Байқоңыр қалалық көпбейінді аурухананың аумағы тазартылды.

«Таза бейсенбі» акциясына қатысу – әрбір азаматтың табиғатты қорғауға қосқан үлесі. Партия мүшелері туған жерін таза әрі көрікті етуге атсалысып жатыр. Әрбір жиналған қоқыс, тазаланған аумақ – болашақ ұрпаққа қалдырар аманатымыз. Біз осындай іс-шаралар арқылы қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз деп сенемін», — деді партияның Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов.

Игі іске «Денсаулық» БПҰ мүшелері, қоғам белсенділері мен жастар, жалпы 40-ға жуық азамат үлес қосты. Экологиялық акция барысында 100 метр жер аумағы тазартылып, 11 қап қоқыс жиналды.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *