Ең бай футболшы анықталды
Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду әлемдегі алғашқы миллиардер футболшы атанды,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
Bloomberg агенттігі оның байлығын 1,5 млрд долларға бағалаған. Шабуылшы табысының басым бөлігін Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубынан алады. Оның ол жердегі жылдық жалақысы 200 млн доллар.