Қасиетті Арал топырағында өтіп жатқан ғасырлық мерейтойдың құрметіне «Қарашалаң балық» ЖШС-нің зауыты салтанатты түрде ашылды,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Ашылу рәсіміне аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов, Халықаралық Аралды құтқару қорының өкілдері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ арнайы келген мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым және балық шаруашылығы саласының мамандары қатысты.

Аудан әкімі А.Оңғарбаев сөз сөйлеп, зауыттың ашылуы – Арал балық шаруашылығының 100 жылдығымен тұспа-тұс келетін маңызды оқиға екенін атап өтті. Ол өңірдің ғасырлар бойы қалыптасқан балық шаруашылығының маңыздылығын және жаңа кәсіпорынның алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Мерейтой аясында зауыт ашылу салтанатында салада еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар Арал ауданы әкімінің Құттықтау хатымен және Балық шаруашылығы комитеті төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.

Қонақтар жаңа кәсіпорынды аралап көріп, өңделіп жатқан балық өнімдерімен танысты. Жылдық қуаты 6 мың тонна болатын бұл зауыт өңірдің балық өнімдері нарығындағы әлеуетін арттырады.

Жаңа «Қарашалаң балық» зауытының құны – 500 млн теңге, ол оншақты адамды тұрақты жұмыспен қамтиды және өңір экономикасының дамуына зор үлес қосады.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *