Эйнштейннің скрипкасы 1,5 миллион долларға сатылды
Ұлыбританияда өткен аукционда ұлы ғалым Альберт Эйнштейнге тиесілі скрипка 1,5 миллион АҚШ долларына сатылды,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
Бұл аспап — Эйнштейннің 1890 жылдары Германияда сатып алған алғашқы скрипкасы. Ғалым оны достарымен жиналғанда немесе жұмыстың арасы-жартысында жиі ойнағаны айтылады. АҚШ-қа қоныс аудармай тұрып, Эйнштейн бұл скрипканы әріптесі Макс фон Лауға сыйға тартқан.
Кейін аспап ғалымның жанкүйерлерінің біріне табысталып, 70 жылдан астам уақыт сақталып бүгінгі күнге жетті. Скрипканың бағасы да уақыт өткен сайын айтарлықтай өскен.