Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі Ғани Мұратбаев және Абай ауылдарының тұрғындарымен кездесті, — деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты. 

Бүгін түстен кейін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Ғани Мұратбаев пен Абай ауылдарының халқымен кездесіп, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Алдымен аудан орталығына жақын орналасқан Ғани Мұратбаев ауылының тұрғындарымен дидарласты. Аудан басшысы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен өңірде жүзеге асып жатқан жобалар мен алдағы жоспарлар туралы айтты.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары инженерлік-инфрақұрылым жүргізілген аумаққа жол салу және ауылға жаңа мектеп салу сияқты маңызды мәселелерді көтерді. Аудан әкімі жол салу үшін жоба әзірленгенін, қаржы бөлінген жағдайда жұмыстар басталатынын жеткізді. Ал жаңа мектеп салу мәселесіне қатысты облыстық құрылыс басқармасы арқылы 250 орындық мектеп құрылысы үшін 1,9 млрд теңге көлемінде жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, сараптамадан өткенін, қаржыландыруға ұсынылғанын атап өтті.

Кездесу Абай ауылында жалғасты. Мұнда аудан әкімі жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды түсіндірді. Ауыл тұрғындары ауылішілік көшелерді асфальттау, шабындық пен жайылым жердің тапшылығы мен оны суландыру мәселелерін көтерді. Алмасбек Әбілқасымұлы келер жылы бір көшені асфальттау жоспарланғанын, шабындық пен жайылым жер мәселесін шешу үшін мамандармен бірлесіп жұмыс жүргізілетінін айтты. Сонымен қатар, алдағы Абай ауылының 85 жылдық мерейтойының жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірді.

Кездесулерден кейін аудан әкімі екі ауылдағы мектеп пен балабақша сынды әлеуметтік нысандарды аралап, қысқы жылу маусымына дайындық барысын тексерді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *