«7-20-25» бағдарламасына өзгеріс енді
«7-20-25» бағдарламасына 2025 жылдың 9 қазанында сағат 19:09-да өзгерістер енгізілді. Енді бірқатар өңірлерде баспана сатып алуға рұқсат етілген ең жоғарғы баға шегі артты. Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында пәтер немесе үйді 30 миллион теңгеге дейін сатып алуға болады. Қарағанды қаласында бұл шек 25 миллионға жетсе, қалған аймақтарда 20 миллион теңгеге дейінгі баспанаға рұқсат беріледі.
Сонымен қатар, қарыз алушылардың төлем қабілетін дәлелдеу үшін кепілгер тартуға мүмкіндік қосылды. Жаңа қаулыға сәйкес, кредит алу кезінде қарыз алушының табысы үзіліссіз болуы міндетті.
/фото ашық дереккөздерден алынды