Бүгін елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы өз мәресіне жетті,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Жыл басынан бастау алған кең ауқымды науқан аясында республика бойынша 1196 экологиялық іс-шара ұйымдастырылып, оның нәтижесінде 730 мың тоннаға жуық қоқыс жиналды. Сонымен қатар, 966 мың гектардан ас там аумақ тазартылып, 2,4 миллионнан аса ағаш егілді.

Экологиялық бастамаға 5,4 миллион адам қатысып, белсенділік танытты. Науқан шеңберінде сәуір айында өткен «Таза Қазақстан» экофестивалі де елдің назарын аударған болатын. Шара барысында қалдықтарды қайта өңдеу мен оларды тиімді пайдалануға арналған инновациялық жобалар көпшілікке ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның басты мақсаты — қоғамның экологиялық мәдениетін арттырып, табиғатты қорғауға бағытталған ортақ жауапкершілікті қалыптастыру.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *