Қызылордадағы Арал ауданында кәсіпкерлік саласы өркендеуде, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Теңізді өлкеде биылғы 1 қыркүйектегі есеппен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4984-ке жеткен. Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъекті саны 4815 болса, тіркелген субъектілердің ішіндегі жұмыс жасап тұрғандардың үлесі – 96,6 пайызды құрады.

Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 7462 адамға жеткен. Салада 12,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 67,1 пайыз өсім көрсетті.

Арал ауданында бөлшек көтерме сауда көлемі жыл сайын артып келеді. 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында оның көлемі 23,6 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,3 пайызға артқан.

Сонымен қатар, өнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібі өндірісінде оң динамика қалыптасты. Атап айтар болсақ, өнеркәсіп орындары 23,6 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 9,3 пайызға өскен. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 15,4 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,5 пайызға өсім көрсетті.

2025 жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен жалпы қаржы институттары арқылы 1035 млн теңгенің 80 жобасы несиелендірілген болатын. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 739,6 млн теңге болатын 56 жобаны құрады. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы ауданда 138 адамға қайтарымсыз 217 млн теңге табысталды.

Биыл Арал ауданында жалпы құны 6,2 млрд теңге болатын 7 инвестициялық жоба іске қосылады деп жоспарлануда. Оның ішіндегі құны 1,2 млрд теңге болатын 3 жоба іске қосылды. Олар:

«Ase Invest» ЖШС-нің «Тұрмысқа қажетті құрғақ ұнтақтар өндіру» жобасы. Жоба құны – 300 млн теңге. Жұмыс орны – 10 адам.

«Sinooil» ЖШС-нің «Жанар-жағармай құю станциясын салу» жобасы. Жоба құны – 500 млн теңге. Жұмыс орындары – 10 адам.

«Қарашалаң балық» ЖШС-нің «Арал қаласында балық өңдеу зауытын ашу» жобасы. Жоба құны – 422 млн теңге. Жұмыс орындары – 20 адам.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін іске асырылуы жоспарланған құны 5,2 млрд болатын 5 жоба іске асырылу сатысында. Ал 2026-2027 жылдары аралығында жалпы құны 164 млрд теңге болатын 10 жоба іске асырылады деп күтілуде.

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *