Қызылордада экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектордың өзекті мәселелеріне арналған кеңес отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, пайдаланылмаған алқаптарды айналымға қосу және жайылымдарды мемлекет меншігіне қайтару бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Кеңеске Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы Еркемай Саниязова, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Рысбек Шайхиев және партияның облыстық филиалының өкілдері қатысты.

Нақты нәтижелер:

Биыл жоспарланған 69 мың гектардың орнына 70,3 мың гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына қосылды;

2022–2025 жылдары аралығында 524,7 мың гектар жер мемлекетке қайтарылып, соның 93,6 мың гектары қайта айналымға енгізілді;

«Жер аманаты» жобасы аясында жоспардағы 60 мың гектардың орнына 64,5 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтті.

Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова кеңесте айтылған ұсыныстарды ескере отырып, жұмыстардың мерзімінде әрі сапалы орындалуы маңызды екенін атап өтті.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *