Прокурор «Қазақстан мамбеттерімен танымал» деген Алика Мұхамадиеваны 4,5 жылға соттауды сұрады,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты. 

Қарағандыда «ұлтаралық араздықты қоздырды» деп айыпталған кәсіпкер әрі блогер Алика Мұхамадиеваның соты жалғасып жатыр.

Ulysmedia.kz мәліметінше, бүгін өткен сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Мұхамадиеваға 4,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Прокурордың айтуынша, айыпталушы өз кінәсін мойындағанымен, оның әрекеті қоғамда елеулі теріс әсер тудырған. Сондықтан нақты түрдегі бас бостандығынан айыру жазасы әділетті болмақ деген ұстаным білдірді.

Айта кетейік, өткен сот отырысында Мұхамадиева өз кінәсін толық мойындап, көпшілік алдында кешірім сұраған болатын. Бірқатар БАҚ оның көз жасына ерік бергенін жазды.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде тараған видеода Алика Мұхамадиева қазақтарды «мамбет», «қазақша сөйлешник», «калбит» деп кемсіткен сөздері үшін жауапқа тартылған. Іс бойынша тыңдалым ашық түрде өтіп жатыр, қоғам назары – сот шешімінің қандай болатынында.

фото ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *