Мойынқұмда түнде аңға шыққан 13 жастағы жасөспірім оқтан көз жұмды,- деп хабарлайды ы. 

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында түнде аң аулауға шыққан екі жасөспірімнің бірі оқ тиіп қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, балалар далаға қоян атуға шыққан. Олардың бірі алыстан аңға оқ атып, жараланған қоянды іздеуге барған. Сол сәтте екінші бала қашып бара жатқан қоянды тоқтатпақ болып қайта оқ атқан, алайда оқ қоянның қасындағы досына тиген.

Қайтыс болған баланың жасы небәрі 13-те болғаны хабарланды.

Қазір аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *