Қызылорда облысы: Арал «Озат аудан» атанды

Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен «Алтын күз – 2025» салтанатты шарасында Балық шаруашылығы саласындағы жетістіктері бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Арал ауданы «Озат аудан» атанды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Айта кетейік, қазіргі таңда кәсіпшілік балық аулау мақсатында балықтың 16 түрі ауланады. Жылдық қуаттылығы 30 000 тоннаға жуық 10 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді.

Биылғы жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша 4731 тонна балық өңделіп, оның 1948 тоннасы алыс-жақын шет елдерге экспортталды. 2 кәсіпорында Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін «Еврокод» белгісі бар.

Фото: Арал ауданы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Келесі Мақала:

0 %