ШҚО мен Абай облысында 2 млрд теңгеден астам қаражат жымқырған депутат пен компания басшылары ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті «QazConstructions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу мәліметінше, екі өңірдің жеті ауданында салынуы тиіс 11 әлеуметтік нысанның құрылысына арналған қаржы мақсатсыз жұмсалған.

Күдікке ілінгендер қатарында компанияның бұрынғы директорының орынбасары мен Күршім аудандық мәслихатының депутаты бар.

Қаржы ұрланған соң төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен жеті ауылды ауыз  сумен қамтуға арналған су желілері іске қосылмаған. Бұл жобалар 20 мыңнан астам тұрғынның тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған еді.

Жымқырылған қаржының жалпы көлемі 2 миллиард теңгеден асады. Тергеушілердің дерегінше, күдіктілер жымқырған қаржыны өзара байланысы бар кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға ауыстырып алған.

«Тергеу барысында күдіктілердің қылмыстық жолмен тапқан табысына Астанадағы элиталы тұрғын үй кешендердегі пәтерлер, «Lamborghini Urus», «Cadillac Escalade», «Mercedes» автокөліктері және асыл тұқымды жылқылар сатып алынғаны анықталды. Бұл мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды» деп жазды Қаржылық мониторинг агенттігінің  баспасөз қызметі.

Екі күдіктіге қатысты бұлтартпау туралы шешім қабылданып, екі ай мерзімге қамауға алынды.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *