«Ақмешіт» футбол командасы республикалық турнирінің жеңімпазы атанды
Елордада ҚР Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында шағын футболдан «Majilis Cup – 2025» республикалық турнирі өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Төртінші мәрте ұйымдастырылған доп додасына еліміздің барлық өңірінен келген 20-ға жуық команда қатысты. Сол командалардың ішінен ерекше ойын өрнегін көрсеткен Қызылордалық «Ақмешіт» футбол командасы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, бас жүлдені жеңіп алды. Жарыс нәтижесімен «Ақмешіт» командасы (Қызылорда) – І орын, «AsNews» командасы (Астана) – ІІ орын, KFF Media командасы (Астана) – ІІІ орын.
Жерлестерімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру,
спорт және туризм басқармасы