Елімізде ең төменгі жалақы қанша теңге болады?
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар ең төменгі жалақы мөлшерін қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Оларды айтуынша, Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдары негізінде әзірленіп жатқан ең төменгі жалақыны есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес, қазіргі 85 000 теңге деңгейін 110 000 теңгеге дейін ұлғайту қажет.
Халықаралық тәжірибе мен экономикалық жағдайды ескере отырып, ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін арттыру әлеуметтік әділеттілік пен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қадам болмақ, – делінген құжатта.
Еске салайық, Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері 2025 жылдан бастап 85 000 теңге болып белгіленген.
Айта кетейік, бүгін Мәжілісте «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026 – 2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасы қаралды.
Фото: Арман Мухатов