Есіл университетінде көрнекті ғалым, белгілі суретші Сейітқали Аманжоловтың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Сейітқали Аманжоловтың жеке заттары, сирек кездесетін фотосуреттері қойылды. Сейітқали Әбдіқадырұлының салған суреттері келушілердің қызығушылығын тудырды.


— Жүректің қалауымен салынған сурет қай кезде де өз көрерменін жоғалтпайды. Азды-кем еңбегімізді елеп, жастармен кездесуге мұрындық болған Есіл университеті ұжымына алғыс айтамын, -деді шара барысында сөз алған суретші Сейітқали Аманжолов.
Мерейтойына байланысты ұйымдастырылған көрмеде суретшінің хаттары, өмір жолы мен ғылыми қызметін сипаттайтын маңызды құжаттар сап түзеді. Сонымен қатар экспозицияның бір бөлігі ғалымның ғылыми еңбектеріне арналды.
Айта кету керек, Сейітқали Аманжолов 110-ға жуық ғылыми-әдістемелік жарияланымның авторы.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Елеулі есім

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *