Каспий теңізінде заңсыз балық аулауға қарсы шаралар нәтижесінде заң бұзушыларға жалпы 25,9 миллион теңге айыппұл салынды.

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының мобильді тобы бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулау мен тыйым салынған құралдарды пайдалану деректерін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Нұрлыбек Ғайсин мәлімдеді.

2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша балық қорғау органдары 1828 құқық бұзушылықты тіркеп, олардың ішінде 103 іс әкімшілік сотқа жолданған. Сонымен қатар, 5 тоннадан астам заңсыз ауланған балық пен балық аулау және жүзу құралдары тәркіленді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *