Трамп пен Путиннің кездесуі кейінге қалды
Трамп пен Путиннің кездесуі кейінге шегеріледі. Тіпті, мүлдем болмауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Босқа уақыт жоғалтқым келмейді, — деді АҚЩ Президенті.
Оның орнына бар назарын Латын Америкасына бұрғандай. Енді Оңтүстік Америка және Кариб бассейні елдеріне қаржылай көмекті тоқтатуды көздеп отыр. Себебі, Американы есірткімен улап жатқанын айтып, Трамп ашуланды.
«Ол соғысты тоқтатуға дайын болмайынша кездеспеймін». Трамп Путин туралы осылай деді. Мажарстан астанасында өтеді деп жоспарланған келіссөздер АҚШ пен Ресей сыртқы саяси ведомство басшыларының әңгімесінен кейін кейінге шегерілді.
Бұл Томагавк зымырандарын жіберуге еш қатысы жоқ. Мен босқа қыдырып жүргім келмейді. Менде уақыт өте тығыз. Оны пайдалы шаруа тындыруға жұмсағаным артық. Жақын арада Путинмен мазмұнды келіссөз жүргізу мүмкін болмай тұр, — деді Дональд Трамп. – Латын Америкасы бізді есірткімен улап жатыр. Сол үшін енді оларға көк тиын да бермеймін.
Трамп, әсіресе, Колумбияға қатты шүйлікті. Осыған дейін, Венесуэлалық кемені жарып жіберген АҚШ Президенті бұдан да қатаң шара қолданатынын айтты.
Колумбия есірткімен күреспейді. Олар – өндіруші. Әлі кокайнды тазартып, өңдейтін фабрикалар бар. Алдыңғы Президенттері жақсы еді. Қазіргісі есінен алжасқан, — деп атап өтті.
Фото: Ашық дереккөз












