Жоқшы жарық көрді
«Жаздың жүзі жайдары жылдағыдан,
Жылдағыдан жүгірген жылға жылдам.
Жасарыпты жыңғыл да желек жайып,
Жапырағын жоқтамай жылдар жұлған…» деп жырлаған Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі, «Қазақстанның Құрметті журналисі» ақын Мүсіркеп Сейдахметтің «Жоқшы» жыр жинағы оқырманға жол тартты.
Торғай топырағынан түлеп ұшып, Арқаға арқа тіреген ақынның жаңа кітабы мемлекеттік тапсырыспен жарық көрді.












