«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалында 25 қазан – Республика күніне орай салтанатты марапаттау шарасы өтті. Бұл күн – тәуелсіз мемлекетіміздің ең басты мерекелерінің бірі, елдік пен егемендіктің, бірлік пен жаңарудың нышаны.
Салтанатты жиында партия ұйымының белсенді мүшелері мен қоғам өміріне елеулі үлес қосқан азаматтар марапаттарға ие болды.
Партия белсенділеріне партия Төрағасының Құрмет грамотасы, сондай-ақ партияның Атқарушы хатшысының Алғыс хаттары табысталды.
Партия филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева марапат иелеріне партиялық жұмысқа қосқан үлестері, ел мүддесі жолындағы табанды еңбектері үшін алғыс айтты.
Жиын барысында қатысушылар Республика күнінің тарихи мәні мен ел дамуы жолындағы әрбір азаматтың жауапкершілігі туралы ой бөлісті.
«AMANAT» партиясы үшін Республика күні – тек мереке емес, елге адал қызмет етуге, тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы жолында аянбай еңбек етуге шақыратын ерекше күн.
Біздің мақсат – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен халқымыздың әл-ауқатын арттыру жолында бірлесе еңбек ету.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *