Президент Тоқаев Трампқа хат жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қараша күні Вашингтонда өтетін Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін Президент Дональд Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы аталған бастама дер кезінде көтеріліп отыр деп санайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі мақсаттарын, атап айтқанда, ақыл-парасатқа негізделген дәстүрлі құндылықтарға беріктігін, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға ұмтылысын қолдайды.
Фото: Ақорда











