Қазақстан қысқа дайын ба?
Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Үкіметте өткен брифингте өңірлерде күзгі-қысқы жылыту кезеңіне дайындық жұмыстарын бағалап, негізгі жөндеу және модернизация жұмыстарының 90%-дан астамы аяқталғанын хабарлады.
Оның айтуынша, барлық өңірде негізгі дайындық жұмыстары аяқталуға жақын, тек Шымкентте жылыту маусымы қарашаның басында басталады.
Күзгі-қысқы жылыту кезеңіне дайындық жалпы өте жақсы. Барлық өңірде жұмыс қолға алынып, алдыңғы кезеңге қарағанда дайындық деңгейі жоғары, – деді вице-министр.
Жөндеу жұмыстары ауқымды масштабта жүргізілген:
- 10 энергоблоктың 7-сі жөнделді, жалпы алғанда 70% дайындық толық аяқталды;
- 48 қазандық пен 29 турбина жөндеуден өтті;
- электр желілері бойынша 17 мың шақырымның 16,8 мыңы жөнделді (99%);
- 420 трансформаторлық станция мен 3,581 трансформаторлық және тарату пунктінде жөндеу жұмыстары аяқталды;
- 343 шақырым қосымша жобалар да толық орындалды.
Санжар Жаркешов атап өткендей, бұл жұмыстар күзгі-қысқы кезеңде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Жалпы, біз күзгі-қысқы жылыту кезеңіне толық дайынбыз, – деді вице-министр.
Фото: ашық дереккөз












