«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті
Жиында 2024-2025 жылдары Қызылорда қаласында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарының барысы туралы, «Ауыл аманаты» партиялық жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстары туралы және білім беру ұйымдарының асханаларында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған Қызылорда облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нәдірбек Тахир Қуанышбекұлы:
Қызылорда қаласында қуатылығы 240 мегаватт электрэнергиясы мен
277 гигакалория жылу энергиясын құрайтын жаңа жылу электр орталығы құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Жобаның жалпы құны – 215 млрд.теңгені құрайды. Жылу электр орталығы толығымен инвестор «Aksa Energy» түрік компаниясы тарапынан салынуда.
Қазіргі кезде негізгі қондырғылар қуатылығы 176 мегаваттық
2 дана газ турбиналық қондырғылары 95 мегаваттық бу турбинасы қуаттылығы 120 тонна сағатына құрайтын 2 дана бу қазандығы мен 150 гигакалория сағатына құрайтын 4 дана жылу қазандығы толық көлемде жеткізіліп, толығымен орнатылды.
Ал құрылысқа қажетті өзге де материалдар жергілікті өндірушілерден алынуда,-деді.
Бұдан бөлек, бюджет есебінен жалпы құны
15 млрд.теңгеге жаңа жылу электр орталығына дейін газ құбырын жүргізу жұмыстары толығымен аяқталған. Жоба аясында автоматтандырылған газ тарату станциясы мен 45 шақырым газ құбыры салынып, қазіргі кезде қондырғыларды тексеруге газ отыны жеткізілуде.
Бүгінгі күні құрылыс алаңында 1200-ден аса адам және
130 дана арнайы техника жұмыс жасауда.
Одан бөлек, Қызылорда қаласында құрылыс жұмыстары жүргізілген инжинерлік-инфрақұрылымдық жобалар жайлы баяндалды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндама жасаған қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Мұхтар Жетілгенов «Ауыл аманаты» жобасының Қызылорда қаласында іске асуын баяндады.
Жоба іске қосылған сәттен бастап, 2024-2025 жылдар аралығында барлығы 462,6 млн. теңгеге 57 жоба қолдау тауып, 60-тан астам жұмыс орындары ашылды.
Сонымен қатар, жоба аясында 3 өндірістік кооператив құрылып, өңдеу өнеркәсібі бағытында 36 кәсіпорын өз жұмысын бастады.
2025 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде 320,5 млн. теңгеге 41 жоба қаржыландырылған болатын, оның ішінде 2 ауыл шаруашылығы кооперативі бар.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша баяндама жасаған қалалық білім бөлімінің бас маманы Мырзалиева Арайлым Аманбайқызы: Қала мектептерінің барлығында бастауыш сыныптың 26 723 оқушылары 100 пайыз тегін ыстық тамақпен қамтылған. Сонымен қатар 5–11 сыныптардағы 10 123 бала әлеуметтік осал топқа жататын (аз қамтылған, көп балалы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және басқа да санаттағы) оқушыларға да тегін ыстық тамақ беріледі.
Мектеп асханаларында тамақтандыру процесі АБК бағдарламалық жүйесі арқылы есепке алынып, бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ оқушылардың тамақтану есебі мен ас мәзірі «е-Асхана» бағдарламасы негізінде цифрлық форматта жүзеге асырылады.
Оқушылар мектепке берілген электронды оқушы картасы арқылы асханаға кіріп, тамақ алу кезінде карта басу әдісімен тіркеледі. Бұл жүйе тамақтану сапасын, тамақ алған оқушылар санын және бюджет қаржысының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,-деп атап өтті.
 
                    
                                        
                                            
                













