Беларусь Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі жоспарлы түрде артатынын мәлімдеді.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, орташа жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 0,7%-ға өсіп, 491,09 рубль болды.

onliner.by басылымының хабарлауынша, негізгі әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшері келесідей белгіленеді:

  • жұмысқа қабілетті тұрғындар үшін – 524,97 рубль,
  • зейнеткерлер үшін – 357,28 рубль,
  • 3 жасқа дейінгі балалар үшін – 305,86 рубль,
  • 3 пен 6 жас аралығындағы балалар үшін – 414,39 рубль,
  • 6 мен 18 жас аралығындағы балалар үшін – 479,59 рубль.

Жаңа көрсеткіштер 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін қолданылады.

Ең төменгі күнкөріс мөлшерінің өсуімен қатар 1 қарашадан бастап бала туғанда және отбасыларға арналған жәрдемақылар да артады:

  • бірінші бала туған кездегі біржолғы төлем – 4 910,90 рубль,
  • екінші және одан кейінгі балалар үшін – 6 875,26 рубль,
  • жүктіліктің 12 аптасына дейін есепке тұрған әйелдерге біржолғы төлем –491,09 рубль,
  • 3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы жәрдемақы (егер кенже бала 3 жасқа толмаған болса) – 245,55 рубль.

Айта кетейік, 30 қарашадаға курс бойынша 1 рубль 6,62 теңгеге тең.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *