Астана мен Шымкентте қалдықтарды кәдеге жарататын зауыттар салынады
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз қызметнің хабарлауынша, Астана қаласында тәулігіне 1 500 тонна тұрмыстық қалдықты (жылына шамамен 550 мың тонна) өңдеу қуаттылығына ие зауыт салу жоспарланып отыр. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 94,4 млрд теңге (≈180 млн АҚШ доллары).
Шымкент қаласында тәулігіне 1 000 тонна (жылына шамамен 360 мың тонна) қалдық өңдейтін кәсіпорын салынады. Инвестиция көлемі – 53,9 млрд теңге (≈100 млн АҚШ доллары).
Жобаларды іске асыру барысында 550-ден аса уақытша жұмыс орны, сондай-ақ шамамен 200 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Аталған нысандардың іске қосылуы полигондарға шығарылатын қалдықтардың көлемін айтарлықтай азайтуға және экологиялық таза электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.
Фото: ҚР Экология министрлігі












