34 жастағы демократиялық социалист Зохран Мамдани Нью-Йорк қаласының жаңа мэрі болып сайланды. Ол сайлауда Дональд Трамп қолдаған тәуелсіз кандидат Эндрю Куомоны жеңді.

Мамдани – Нью-Йорк тарихындағы алғашқы мұсылман мэр. Сайлау науқаны кезінде ол жалдауға берілетін тұрғын үйлердің бағасын бақылау, қоғамдық автобустарды тегін ету және бала күтімі қызметтерін қолжетімді ету сияқты бастамаларды ұсынған болатын.

Жаңа мэр өз сөзінде қала тұрғындарының әлеуметтік теңдігі мен өмір сапасын арттыруды басты мақсат ететінін атап өтті.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йорк демократтар билігіне өтсе, қалаға бөлінетін федералды қаржыландыруды қысқартатынын ескерткен еді.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *