Сабақта телефон қолданған оқушының ата-анасы айыппұл арқалайды
Сабақ кезінде баласының телефон қолдануына жол берген ата-аналар айыппұл төлейді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Білім туралы» заңға сәйкес, оқу процесі барысында ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады. Егер оқушы сабақ үстінде телефон қолданса, жауапкершілік ата-анасына жүктеледі.
Оқу-ағарту вице-министрі Майра Мелдебекованың айтуынша, алғаш рет ереже бұзған ата-аналарға тек ескерту жасалады.
Ал жағдай тағы қайталанса, 5 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.












