Ақмола облысында 8 вагон рельстен шығып кетті
Ақмола облысында теміржолда төтенше жағдай болып, 8 вагон рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше, 6 қарашада Ақмола облысындағы Макинка бекетіне қарасты «Бота 2015» ЖШС-нің кірме жолында 12 вагон жолдан шығып, олардың сегізі ұстап қалу тұйығында аударылған. Оқиға салдарынан байланыс желісінің құрылғылары зақымданды. Зардап шеккендер жоқ.
«Оқиғаның салдарын жою және инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның апат кезіне арналған және қалпына келтіруге сеп болатын пойыздары жіберілді. Вагондардың жолдан шығу себептері тексеріліп жатыр», — деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
Фото: ашық дереккөз












