Қызылорда: Қала әкімінің орынбасары қабылдау өткізді
«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала әкімінің орынбасары Абизов Ділмұхамед Мінуарбекұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Қабылдауда келесідей мәселелер жолданды:
— жұмысқа орналасуға көмек көрсету;
— жер телімін рәсімдеу;
— тұрғын үй кезегін білу;
— кәсіпкер саласы және т.б.
Қабылдау барысында бірнеше мәселе оң шешімін тапты, кейбір сұрақтар бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді.
Қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Мінуарбекұлы алдағы уақытта аталған мәселелер зерделеніп, оң шешіміне жұмыс жасалатындығын жеткізді.
Фото: Қала әкімдігі












