АЭС ресми атауы бекітілді
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының атауы белгіленді. Енді нысан «Балқаш атом электр станциясы» деп аталатын болады. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік хабарлады.
Агенттік мәліметінше, конкурстық комиссия атауды үш тілде бекіткен:
-
қазақ тілінде — «Балқаш атом электр станциясы»,
-
орыс тілінде — «Атомная электростанция «Балхаш»,
-
ағылшын тілінде — «Balkhash Nuclear Power Plant».
Ведомство конкурсқа 27 мыңнан астам атау ұсынысы келіп түскенін мәлімдеді. Солардың ішінен комиссия Балқаш атауын таңдап, оны ресми түрде бекітті.













