Астанада жоғалған студент өлі табылды
Астанада бірнеше күн бұрын із-түссіз жоғалған 20 жастағы студент Темірхан Темірлан Әділханұлы мәйіт күйінде табылды. Бұл ақпаратты іздеу жұмыстарына қатысқан еріктілер хабарлады.
Белгілі болғандай, студент 11 қараша күні Еуразиялық гуманитарлық институттан шыққаннан кейін жоғалып кеткен. Іздестіру кезінде оның бойы 175 см екені, көзі қоңыр, бетінде меңдері бар екені айтылды. Жоғалған сәтте үстінде ақшыл түсті куртка, қара бас киім, қара джинсы және аяқкиім болған. Сонымен бірге оның жеке рюкзагы мен құжаттары өзімен бірге болғаны хабарланған.
Еріктілердің мәліметіне сәйкес, Темірхан Темірлан 14 қараша күні кешке табылған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.













