Қырғызстанда «түнгі тыныштық» тәртібі енгізілді — 22:00-ден кейін жарық, той мен ойын-сауық орындарының жұмысына шектеу қойылды. 

Бішкек — Қырғызстан мемлекеті электр энергиясының тапшылығына байланысты ел бойынша «түнгі тыныштық» режимін енгізді. Үкімет арнайы заң жобасын дайындап, оны ресми түрде мақұлдады.

Жаңа ереже бойынша:

  • Елдегі барлық ойын-сауық мекемелері — клубтар, мейрамханалар, спорт кешендері, боулинг, бильярд және басқа да коммерциялық нысандар — сағат 22:00-де жұмысын тоқтатуы тиіс.

  • Кейін, сағат 22:10-да, аталған мекемелер жарықты толық өшіруі міндетті.

  • Сонымен қатар, 22:00-ден кейін той өткізуге ресми түрде тыйым салынған.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚҚ) төрағасы Қамчыбек Ташиев жергілікті әкімдіктерге түнгі режимді қатаң бақылауда ұстауды бұйырып, 22:00–07:00 аралығындағы тәртіпті тексеруді міндеттеді.

Жаңа шектеулер жарияланғаннан кейін-ақ шағын және орта бизнес өкілдері бұл талаптарға қарсы наразылық білдіруде. Кәсіпкерлер түнгі жұмыстың тоқтатылуы өз табыстарына айтарлықтай әсер етеді деп есептеуде.

Бұл шара электр энергиясының шектеулі мөлшерін тиімдірек пайдалану мақсатында қабылданғаны байқалады. Қырғызстан билігі арқылы енген тәртіп энергетика саласындағы қысымды азайтуға жағдай жасайтынын мәлімдеп отыр.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *