Әлеумет

ШҚО-да әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымды кешенді жаңғырту жүзеге асырылуда

Биыл Шығыс Қазақстан облысында 380 мың шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде 2,3 мың пәтерге арналған 29 көпқабатты үй, сондай-ақ «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 350 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Өңірде коммуналдық және энергетикалық жүйелерді жаңғырту бойынша шаралар да іске асырылып жатыр. Президенттің халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жыл соңына дейін 8 жаңа нысан пайдалануға беріледі. Бұл 4 мыңнан астам адамды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді.

«Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы мақсатқа биыл бюджеттен 10 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Жөндеу жұмыстарының арқасында Риддер ЖЭО «қызыл қауіп аймағынан» шығарылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар жабдықтың тозуын 3%-ға, ал, кәсіпорынның жылу желілерінің тозуын 8%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Қазандықтардың тозуы 29%-ға, ал желілердің тозуы 15%-ға төмендеді», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Өңір халқын сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Әкімнің айтуынша, халықтың 97%-ы желіге қол жеткізе алады.

«Биыл тағы 56 ауыл желіге қосылып, қалған 66 шағын елді мекен 2027 жылға дейін республикалық Жол картасына сәйкес интернетпен қамтамасыз етіледі. Республикалық жолдар бойында цифрлық инфрақұрылым құру жұмыстары басталды. 22 антенналық діңгек орнату жоспарлануда», – деп атап өтті спикер.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Келесі Мақала:

0 %