Алматыда қала ішіндегі қозғалыс күрделене түсті
Қазір мегаполиске сырттан 500 мың көлік кіреді. Бүгінгі Мәжіліс отырысында депутат Данияр Қасқарауов Алматы айналасындағы елді-мекендерде болатын кептеліс мәселесін көтерді.
Халық қалаулысы Алматының орталық күрежолы саналатын Абай даңғылын Қаскелең қаласына дейін ұзарту керек екенін айтты.Сонымен қатар Үлкен Алматы айналма жолынан Ұзынағашқа дейін тағы бір қосымша жол салуды ұсынды.
«Бұл Қытайдан шыққан жүк көліктерінің кептеліссіз қаланы айналып өтуге мүмкіндік береді», — дейді депутат.













