Алматы: Автокөліктердің 18 пайызы экологиялық талаптарға сәйкес келмейді
Алматыдағы автокөліктердің 18 пайызы экологиялық талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Мамандардың айтуынша, бұл – негізінен Еуро-0 санатындағы көліктер. Ескі техниканың қала атмосферасын ластаудағы үлесі айтарлықтай жоғары.
Экология және қоршаған орта басқармасы өкілдері мен белсенділер мегаполистегі жағдайға алаңдап, кезекті рейд өткізді. Тексеру барысында автокөліктер мен қоғамдық көліктердің шығарындылары өлшенді.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Алматыдағы зиянды заттардың 60 пайызы нақ осы көліктерден шығатыны тұрақты мониторинг барысында дәлелденген. Мамандар ауа сапасын жақсарту үшін талапты күшейтіп, бақылауды жүйелі түрде жүргізу қажет екенін айтады.













