Әлемдегі киік популяциясының 98% Қазақстанда
Қазақстанда киік популяциясының басым бөлігі шоғырланғаны хабарланды. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегінше, соңғы екі онжылдықта жүргізілген қорғау шаралары нәтижесінде бөкен саны айтарлықтай қалпына келіп, тұрақты өсім байқалған.
Самарқандта өткен Орталық Азия елдерінің экология министрлерінің басқосуында киік санын бірлесіп реттеу және олардың маусымдық көшу бағыттарын үйлестіру мақсатында көршілес мемлекеттер арасында меморандумға қол қойылды.
Қазіргі таңда Қазақстандағы киіктің жалпы саны шамамен 5 млн басқа жеткен. Салыстырмалы түрде алғанда, 2003 жылы бұл көрсеткіш небәрі 21 мыңға дейін төмендеп, жойылып кету қаупі туындаған еді.













