Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның басшысымен телефон арқылы тілдесті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттер екіжақты ықпалдастық қарқынды түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар жоғары деңгейде, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 21-22 тамызда Қырғызстанға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентінің екі елдің достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастығын кеңейтуге қосқан елеулі үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Фото: Ақорда

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *