«Қайрат» жастары «Олимпиакосты» 2:0 есебімен жеңді
«Қайрат» (U19) командасы «Астана-Аренада» өткен UEFA жасөспірімдер лигасының жалпы кезеңінің алтыншы турында грек «Олимпиакосын» 2:0 есебімен жеңді.
«Қайрат» (U19) командасының құрамында Шерхан Қалмұрза, Данияр Ташпулатов, Әмірбек Базарбаев, Мұстафа Шен, Адлан Нұрғалиев, Шыңғыс Дүйсенбек, Мұхамедали Әбіш, Кәрім Мұхаметжан, Мансұр Бірқұрманов, Әкежан Калиқұлов және Рамазан Бағдат болды.
Ойынның 4-минутында Рамазан Бағдат есеп ашты. 57-минутта Мұхамедали Әбіш екінші голды соқты. Осылайша, «Қайрат» жастары 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұл – алматылық жастардың UEFA жасөспірімдер лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы жеңісі.
Фото: ФК «ҚАЙРАТ»












