Енді бекітілген кестеден 1 гектар артық егін егілсе, оған су берілмейді
Егіс алқабы бекітілген кестеден 1 гектар артық егілсе, енді оған су берілмейді. Премьер-министр Олжас Бектенов осылай деп отыр. Су ресурстары министрлігіне бекітілген лимиттерден тыс су беру жағдайларының алдын алу тапсырылды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Үкімет басшысының сөзінше, Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс алқаптарын әртараптандыру жөнінде тиісті кесте бекіткен. Енді барлық жұмыс осы кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс.
«Ертең АШМ бекіткен талаптар бұзылса, бюджеттен бір теңге де өтемақы төленбейді. Мұны ашық айтуымыз керек», – деді премьер-министр.
Фото: Ашық дереккөз












