Тоқаев Ақордада Иран басшысын қарсы алды
Ақордада Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкианды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкианды Ақордада қарсы алды.
Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшысы мен Иран Ислам Республикасының президентіне сәлемдік баянат берді.
Фото: БАҚ.КЗ











