Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ тапсырушылар назарына ҰБТ күнтізбесіне қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Талапкерлер ҰБТ-ны жылына 5 рет тапсыруға болады. Қаңтар, наурыз, тамыз айларында – ақылы оқуға түсу үшін (3 рет), сондай-ақ негізгі (мамырдан бастап шілдеге дейін) – грант конкурсына қатысу үшін немесе ақылы оқуға түсу үшін 2 мүмкіндік беріледі.

Кімдер қатыса алады?
Мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
Шартты түрде оқып жатқандар – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
Колледж түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
Былтырғы мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
Шетелде білім алған Қазақстан азаматтары – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
Ұлты қазақ шетел азаматтары (қандастар) – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі;
Ақылы негізде басқа мамандыққа ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері – қаңтар, тамыз;
Ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниетті студенттер – қаңтар, тамызда тапсыра алады.

Фото: Оңалхан Өнерхан

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *