Сауд Арабия сахарасын қар басты
Елдің бірнеше өңірлерінде — солтүстік-батыста және елдің орталығында, оның ішінде таулы аймақ пен тіпті шөлді жерлерге де қар жауды. Араб түбегі үшін мұндай құбылыс өте сирек кездесетін жайт, деп хабарлайды Orda.kz.
Температура нөлден төмен түсіп, жолдар өмірі болмаған көктайғақ мәселесімен бетпе-бет келді.
Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде видео жариялады: біреулер «қысқы ертегіге» қуанады, ал кейбірі аяқ астынан тап болған суық пен тайғақ жолдарға шағымданады.
Эр-Риядта ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар уақытша қашықтықтан оқытуға ауыстырылды.
Ал біздің елде жұртшылық әлеуметтік желілерде қар басқан көшелер мен аулалардың суреттері мен бейнелерін қуана бөліседі. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Алматыда да ауа райы бұзылады. Метеорологтар қар жауып, ауа температурасы төмендейді деп болжап отыр.
Шөл дала демекші су тапшылығы алдағы уақытта тек араб елдерінің ғана мәселесі болып қалмайды. «Орталық Азия — Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті су саласындағы автоматтандыру мен цифрландырудың жапондық тәжірибесі біз үшін ерекше қызығушылық тудыратынын атап өтті.












