Тоқаев Трампты Қазақстанға шақырды
Қазақстан мен АҚШ президенттері телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдайды қоса алғанда, халықаралық мәселелерді талқылады. Әңгіме мазмұнды әрі ұзақ болған көрінеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев қараша айындағы Вашингтон сапары кезінде жасалған келісімдердің толық жүзеге асуына ниетті екенін растады. Украина мәселесіне тоқтала отырып, ол барлық тараптарды сабыр мен кәсібилікке шақырып, бейбітшілік формуласын табу жолында жұмыс істеуге үндеді. Қазақстан тікелей араағайын болмаса да, қажет болған жағдайда келіссөздер өткізуге алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Дональд Трампты өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға келуге шақырды. Тоқаевтың айтуынша, бұл сапар тарихи оқиғаға айналуы мүмкін.
Фото: Ақорда












